Армения Нахчывандағы Әзербайжан нысанасына оқ атты

Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде иығынан жарақат алған әскердің ауруханаға апарылғаны білдірілді.

1647398
Армения Нахчывандағы Әзербайжан нысанасына оқ атты

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения армиясының Нахчывандағы Әзербайжан нысанасына оқ атуы кесірінен бір Әзербайжан әскерінің жарақат алғанын хабарлады. 

Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде иығынан жарақат алған әскердің ауруханаға апарылғаны білдірілді. 

Мәлімдемеде екі елдің Нахчыван аймағындағы шекара желісінде болған дағдарысқа Арменияның жауапты екені баяндалды. Мәлімдемеде сонымен қатар Арменияға провокациялардан және басқа жаман әрекеттерден аулақ тұруы және жауапкершілікпен әрекет жасалуы жайлы үндеу тастады. 

 



Ұқсас жаңалықтар