Қазақстанда вакцина өндірісі басталды

Қазақстанда Спутник-V вакцинасының өндірісі басталды.

1549173
Қазақстанда вакцина өндірісі басталды

Қазақстанда коронавирусқа қарсы жетілдірілген орыстың Спутник-V вакцинасының өндірісі басталды.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Қарағанды облысындағы дәрі өндіріс кешеніне сапары барысында вакцинаның өндірісін ресми түрде бастатты.

Хабарламада вакцина өндірісіне байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин арасында келісім жасалғаны еске салынды. «Комплексте сатылы түрде екі миллион доза вакцина өндіріледі» деп айтылды.

Асқар Мамин вакцинаның алдымен ерікті медқызметкерлерге, студенттер, қауіпсіздік қызметкерлері және созылмалы ауруы бар науқастарға егілетінін білдірді.
 



Ұқсас жаңалықтар