Әзербайжан армян жасақтарын шығынға ұшыратуда

Арменияның төрт Град зымыран кешені,  он түрлі зеңбірегі,  үш оқ-дәрі тиелген жүк көлігі мен бес автокөлігінің жойылғаны білдірілді.

1519914
Әзербайжан армян жасақтарын шығынға ұшыратуда

Бітім жарияланғанына қарамастан түні бойы оқ жаудырған армян жасақтарына Әзербайжан армиясы жауап берді.

Армения армиясы шығынға ұшырады.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі қақтығыстардың Агдам, Хожавенди және Губадлы бағыттарында жалғасқанын хабарлады.

Соңғы 24 сағатта майданда Арменияның төрт Град зымыран кешені,  он түрлі зеңбірегі,  үш оқ-дәрі тиелген жүк көлігі мен бес автокөлігінің жойылғаны білдірілді.

Армения жасақтары майданның кей жерлерінде қызметкерлер және әскери жабдықтан айырылып,  шегінуге мәжбүр болды. Олардың қару,  оқ-дәрі және азық-түлігі таусылды.



Ұқсас жаңалықтар