Президент Әлиев тағы 7 ауылдың құтқарылғанын мәлімдеді

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев тағы 7 ауылдың құтқарылғанын жариялады.

1502313
Президент Әлиев тағы 7 ауылдың құтқарылғанын мәлімдеді

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев армияның тағы 7 ауылды құтқарылғанын жариялады.

Әлиев әлеуметтік медиадан жасаған мәлімдемеде «Бүгін (03.10.2020) Әзербайжан армиясы Тертер қаласының Талыш, Джебраиль қаласының Мехдили, Чакырлы, Ашағы Маралян, Шейбей және Куйджак, Фузули қаласының Ашағы Абдуррахманлы ауылдарын құтқарды» деді.

Ильхам Әлиев мұның алдында да Мадагиз тұрғын аймағын армян басқыншылығынан құтқарған болатын.

Басқа жағынан Армения армиясының Әзербайжанның Гендже қаласын нысанаға алғаны білдірілді.

Тақырыппен байланысты жасалған мәлімдемеде Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен мәлімдеме жасалды.

Мәлімдемеде «Армения Қарулы күштері Генджеге шабуылдады» делінді.

Әзербайжан вице-президенті Хикмет Хаджиев те Армения армиясынан атылған 4 зымыранның қалаға құлағанын жариялады.

Армения армиясы 27 қыркүйек күні әзербайжандық бейбіт адамдарды нысанаға алып, шабуылдаған болатын. Әзербайжан армиясы болса қарсы шабуыл жариялап, басқыншылық астындағы кейбір жерлерін құтқарған болатын.



Ұқсас жаңалықтар