Армян армиясы журналистерге де қауіп төндіруде

Кейбір жағдайдарда соңғы сәтте аман қалған журналистер қиын шарттарда міндет атқаруын жалғастыруда.

1500897
Армян армиясы журналистерге де қауіп төндіруде

Әзербайжанның елді мекендеріне шабуылдарын жалғастырған Армения армиясы аймақта қызмет атқарып жүрген журналистерді де нысанаға алуда. Қақтығыстар басталған 27 қыркүйек күні Анадолы агенттігі мен TRT Түркия телерадио корпорациясының журналистері түсіріп жатқан елді мекеннің жанына миномет снаряды келіп құлап,  көптеген журналистің өміріне қауіп төнген еді.

Соңғы бес күнде түрлі аймақтарға бағытталған шабуылдарда ARB TV, Hazar TV, İctimai TV, SPACE TV, ATV, BAKU TV, AZERTAC, APA ақпарат агенттігі және Turan ақпарат агенттігі секілді медиа органдарының қызметкерлері жұмыс істеген аймақтарға Арменияның оқтары келіп түсті.

Кейбір жағдайдарда соңғы сәтте аман қалған журналистер қиын шарттарда міндет атқаруын жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар