Байқоңырдан 34 жер серігі ұшырылды

«Байқоңыр» ғарыш айлағын ұшырылған “One Web” британ компаниясына тиесілі 34 жер серігі орбитаға шығарылды.

1355189
Байқоңырдан 34 жер серігі ұшырылды

Байқоңырдан 34 жер серігі ұшырылды.

Қазақстанның «Байқоңыр» ғарыш айлағын ұшырылған “One Web” британ компаниясына тиесілі 34 жер серігі орбитаға шығарылды.   

Ресей Федерациясы ғарыш агенттігінен жасалған мәлімдемеде  “One Web” 34 жер серігін тасымалдаған Союз 2.1b зымыранының жергілікті сағат 03.45-де ұшырылғаны білдірілді.

Жер серігінің табыспен ұшырылғаны баяндалған мәлімдемеде «34 жер серігінің барлығы табысты түрде орбитаға шығарылды» делінді.

Биыл барлығы Байқоңыр ғарыш айлағынан 8 ұшыруды жүзеге асыру көзделген. Жаһандық жерсеріктік желі 1200 шақырым биіктікте 12 орбита жазықтығында 504 спутниктен тұратын болады. Жерсеріктік желіні толық пайдалануға беру және ҚР аумағында қызмет көрсетуі 2021 жылдың соңына болжанған.

 



Ұқсас жаңалықтар