Гагауыз елі 25 жылдығын тойлады

Комратта Гагауыз елінің 25 жылдық мерекесіне орай салтанатты жиын өткізілді.

1327921
Гагауыз елі 25 жылдығын тойлады

Молдова Республикасына қарасты Гагауыз автономдық аймағының басшысы Ирини Влах гагауыздардың құқықтарының Молдова атазаңында орын алуы керектігін білдірді.

Бас қала Комратта Гагауыз елінің 25 жылдық мерекесіне орай салтанатты жиын өткізілді.

Жиынға Гагауыз елінің басшысы Ирина Влах, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Түркия-Молдова парламенттер арасы Достық тобының басшысы Мехмет Алтай, Түркияның Молдовадағы өкілетті елшісі Гүрол Сөкменсүер, Гагауыз Халық мәжілісінің төрағасы Владимир Кыса қатысты.

Ел басшысы Влах осында сөйлеген сөзінде Гагауыз автономдық аймағының 1994 жылдың 23 желтоқсан күні құрылғанын еске салып: «Гагауыз халқы өте ұзын және қиын жолдан өтті.  Гагауыздар 25 жылдан бері Молдовада ұлт ретінде танымал. Бұл тек Гагауыз елінің ғана емес,  бүкіл Молдованың мерекесі» деді.

Молдова үкіметінің Гагауыз автономдық аймағының құқықтарын қолынан алғанына назар аударған Влах: «Кеден және салық жинау құқықтарымыз қолымыздан алынды. Білім беру және экономика саласындағы заңдар талқыланып жатыр. Бұл жағдай – қабылданбайтын жағдай.  Комрат пен Кишинев арасында 1994 жылы қол қойылған келісімдерге қайшы» деді.



Ұқсас жаңалықтар