Қазақстан Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

Қазақстан теңгесі банкноттары енді тек қазақ тілінде жазылады.

1151072
Қазақстан Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

Қазақстан теңгесі банкноттары енді тек қазақ тілінде жазылады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.

«Банкноттар мен монеталар дизайнында пайдаланылатын жазбалар мәтіні мемлекеттік тілде ресімделеді. Инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында шет тілдерде жазбалар пайдалануға жол беріледі» делінген Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасының 2- тарауында. Сонымен қатар онда инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында монеталар дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазбаларды пайдалануға жол берілетіні атап өтілген.



Ұқсас жаңалықтар