Түркия мен Әзірбайжанның ауылшаруашылық ынтымақтастығы

Министр Пакдемирли Әзірбайжан Ауыл шаруашылық министрі Инам Кәрімовпен кездесті.

1104157
Түркия мен Әзірбайжанның ауылшаруашылық ынтымақтастығы

Түркия мен Әзірбайжан арасында «Ауылшаруашылық сақтандыру саласында ынтымақтастық хаттамасына» қол қойылды.

Түркия Ауылшаруашылық және орман министрі Бекир Пакдемирли ресми сапармен Әзірбайжанның астанасы Бакуге барды. Министр Пакдемирли бұл жерде Әзірбайжан Ауыл шаруашылық министрі Инам Кәрімовпен кездесті.

Кездесуде екі министр екі ел арасындағы ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын  қолға алды және қарым-қатынастардың тіпті де дамытылуы жөнінде пікір алмасты.

Кездесуден кейін Пакдемирли мен Кәрімов «Ауылшаруашылық сақтандыру саласында ынтымақтастық хаттамасына» қол қойды.

Қол қою рәсімінен кейін екі министр мәлімдеме жасады.

Пакдемирли Түркияның ауылшаруашылық секторы саласында Еуропада бірінші, әлемде 7-ші ел екенін еске салды.

Әзірбайжан Ауыл аруашылық министрі Кәрімов та әр салада болғандай ауылшаруашылық саласында да Әзірбайжан мен Түркия арасында қою бір ынтымақтастық болғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар