Назарбаев «Рухани жаңғыру» жобаға қатты көңіл бөлуде

Назарбаев ««Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық жобасын іске қосуды ұсынды.

1092131
Назарбаев «Рухани жаңғыру» жобаға қатты көңіл бөлуде

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ««Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық жобасын іске қосуды ұсынды.

Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Қазақстанның Түркі тілдес халықтардың ата мекені екенін меңзеп, «Бұл жерден басқа ел және аймақтарға тарихи барыстарда маңызды үлес қосқан түрік тайпалары және халықтары әлемнің көптеген жерлеріне барған» деді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуына орай Мемлекет басшысы түркі халықтарының рухани жаңғыру мәселесіне тоқталып, осы елдердің қасиетті орындарын көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа лайықты мұра етіп қалдыру үшін Түркі кеңесінің жанынан «Түркі әлеміндегі 100 жаңа есім» арнайы жобасын әзірлеуді ұсынды.

«Жоба Түрік әлемінің тарихы мен мәдениетін насихаттауға зор үлесін қосатынына сенімдімін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев "Тағылымы мол тарихымызда Әл-Фараби, Яссауи, Абай, Юнус Эмре, Низами, Физули, Ұлықбек, Айтматов сияқты ірі тұлғалар көп" деді. Елбасы  осыған байланысты Түркі кеңесі аясында да «Түркі әлемінің 100 тұлғасы» атты арнайы жобаны әзірлеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Алтайдан Анадолыға, Байкалдан Балқанға дейінгі сахарада байырғы баһадүр бабаларымыздың іздері сайрап жатыр. Түркі халықтары үшін қасиетті орындарды көзіміздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа лайықты мұра етіп қалдыру үшін «Түркі әлемінің киелі жерлері» жобасын қолға алуды ұсынамын. Жоба Түркі әлемінің мәдениеті мен тарихын насихаттауға зор үлес қосатынына сенімдімін. Ер түріктің бесігіне айналған Түркістан бүгінде облыс орталығы. Елбасы қазір қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстарына түбі бір түркі жұртын да атсалысуға шақырды.

 



Ұқсас жаңалықтар