Моңғолия президенті Өзбекстанда

Мирзиеев пен Хурелсух жеке және делегация аралық кездесулер өткізді.

2155526
Моңғолия президенті Өзбекстанда

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурелсух екі ел арасындағы тауар айналымын тез арада 10 есеге арттыруға келісті.

Моңғолия президенті Хурелсухты Ташкентте Өзбекстан президенті Мирзиеев салтанатпен қарсы алды. Кейін Мирзиеев пен Хурелсух жеке және делегация аралық кездесулер өткізді.

Кездесу барысында Мирзиеев Моңғолия президентінің екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы Өзбекстанға жасаған алғашқы сапары екі ел арасындағы қарым-қатынаста жаңа парақ ашатынын айтып, бұл сапар достықты нығайту және көпжақты ынтымақтастықты дамыту үшін екіжақты ниеттің дәлелі екенін атап өтті.

Мирзиеев "Моңғолия біз үшін -  Азия аймағындағы дәстүрлі және сенімді серіктес. Өзбекстан-Моңғолия қарым-қатынасы достық, өзара құрмет және қолдау қағидаттарына негізделген. Моңғолия президентінің Өзбекстанға жасаған алғашқы ресми сапары тарихи оқиға болды. Жақында біз бірлесіп атқарған үлкен жұмыстың алғашқы нақты нәтижелерін көреміз деп ойлаймын» деді.

Мирзиеев Өзбекстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүшелігін толық қолдаған және тиісті хаттамаға қол қойған алғашқы елдердің бірі Моңғолия екенін айтты.

Хурелсух та сөз кезегінде Өзбекстанмен қарым-қатынастарды дамытуға мән беретіндерін және осы сапарда қол қойылған келісімдердің екіжақты ынтымақтастықтың дамуына үлкен үлес қосатынын айтты.

Ол Шавкат Мирзиёевті екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту аясында тиімді диалогты жалғастыру үшін Моңғолияға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар