Қазақстанда үш лидер бас қосты

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей және Өзбекстан президенттерімен кездесті.

1072846
Қазақстанда үш лидер бас қосты
putin-nazarbayev-mirziyoyev1.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей және Өзбекстан президенттерімен кездесті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сарыағаш ауданында  Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.

Қазақстан Президенттік баспасөз орталығынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда  мемлекеттер басшылары бейресми кездесу барысында елдер арасындағы, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, басқосуда Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты аспектілер жөнінде пікір алмасты.



Ұқсас жаңалықтар