Қазақстандық мұсылмандар Құрбан айтты мешіттерде қарсы алды

Қазақстанның елордасында мұсылмандар 9 мешітте Құрбан айт намазы оқыды.

1035772
Қазақстандық мұсылмандар Құрбан айтты мешіттерде қарсы алды

Мыңдаған мұсылман айт намазы үшін орталықтағы Нұр мешітін толтырды. Мешітке кіре алмағандар болса аулада намаз оқыды.

Мал базарларына барып құрбан шалған мұсылмандар бейшараларға құрбан еттері таратты.

Құрбан айт аясында мешіттердің аулаларында жиналған мұсылмандар арасында спорттық және қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған құттықтауда Қазақстанда әртүрлі дін және этникалық топ өкілдерінің өмір сүргеніне назар аударылып, «Құрбан айт діни және этникалық текке қарамастан рухани бүтіндігімізді, бірлік пен ынтымақтастығымызды және халқымыздың өзара құрметтеу қасиетін күшейтуге үлес қосады» деді.

қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы және бас мүфтиі Хаджы Серікбай Ораз болса Құрбан айттың мұсылмандардың ең маңызды екі айтынан бірі екеніне назар аударып, халықтың ғасырлардан бері бұл айттың тойланғанын және арнайы дайындық жасалғанын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар