СКТР-да жергілікті әкімшілік сайлау болып өтті

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында болып өткен жергілікті әкімшілік сайлауда 28 муниципалитет басшысы сайланды.

999142
СКТР-да жергілікті әкімшілік сайлау болып өтті

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында (СКТР) болып өткен жергілікті әкімшілік сайлауда 28 муниципалитет басшылығының 10 орнын биліктегі Республикашыл түрік партиясы (РTП) жеңіске жетті.

РТП-нің артынан оппозициядағы Ұлттық Бірлік Партиясы (ҰБП), 7 аймақта жеңіске жетсе, үкімет ортағы Демократ партия (ДП) және Қоғамшыл демократия партиясы (ҚДП) бір-бірден муниципалитет басшылықтарын жеңіп алды.

Қалған 9 аймақта болса тәуелсіз үміткерлер сайланды.

Жергілікті сайлауда 6 ауданда 28 муниципалитет пен жалпы 280 мәжіліс мүшелігі үшін дауыс қолданылды. Муниципалитет басшылығы үшін болса 111 үміткер жарысты..

Жоғары Сайлау Кеңесі (ЖСК) ел көлемінде 191 мың 153 сайлаушының 71,41 пайызының сайлауға қатысқанын жариялады.

СКТР-да жергілікті әкімшілік сайлау 4 жылда 1 рет өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар