Мұнай өндірісі артады

ҚР Энергетика министрі Үкімет сағатында мәлімет берді.

975586
Мұнай өндірісі артады

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мұнай өндіру көлемінің жыл сайын артып,  2025 жылға дейін жылына 104 миллион тонна деңгейіне жететінін білдірді.

Бозымбаев мәжілістегі Үкімет сағатында сөйлеген сөзінде ірі мұнай жобаларының қысқа мерзімді үрдісті ел экономикасының дамуына маңызды үлес қосатынын айтты.

Теңіз, Қарашығанақ,  Қашаған мұнай және табиғи газ жобалары арқасында мұнай саласындағы өсімнің жалғасатынын меңзеген министр: «2017 жылы Қашаған өндірісін бастаған соң елдің мұнай өндірісі 78 миллион тоннадан 86,2 миллион тоннаға жетті.  Мұнай өндіру көлемі жыл сайын артып, 2025 жылға дейін жылына 104 миллион тонна деңгейіне жетеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар