Өзбекстан президенттік аппаратынан ерекше клип

Өзбекстан президенттік аппараты президент Ердоғанның сапарында түсірілген көріністермен бір клип дайындады.

963050
Өзбекстан президенттік аппаратынан ерекше клип

Өзбекстан президенттік аппараты президент Режеп Тайып Ердоғанның Өзбекстан сапарында түсірілген көріністермен бір клип дайындады.

Президенттік аппараттың баспасөз қызметі дайындаған бейнетаспа президент Ердоғанның Өзбекстан парламентінде өзбек ақын Еркін Вахидовтың «Өзбегім» деген өлеңін оқығанымен басталады.

Президенттік ұшақтың Ташкент әуежайына қонған кезінен түрік делегациясының қарсы алынуына дейін кездесудің барлық көріністерінен үзінділер қолданылған шамамен 3 минуттық клипте Ердоғанның сөздеріне орын берілген.

Ташкенттегі қарсы алу рәсімінде президент Шавкат Мирзиеевтің «Атажұрт Өзбекстанның қақпалары сіз секілді жақын бауырларымызға әрқашан ашыө. Жалғыз ниетіміз – бірбірімізге деген сенімнің артуы» дегені де клипте орын алды.



Ұқсас жаңалықтар