Ердоған Өзбекстанға барады

Президент Ердоған 29 сәуір-1 мамыр күндері аралығында Өзбекстанға барады.

958492
Ердоған Өзбекстанға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев және Оңтүстік Корея мемлекет басшысы Мун Чжэ Иннің шақыруына орай осы елдерге барады.

Президент Ердоған 29 сәуір-1 мамыр күндері аралығында Өзбекстанға барады.

Президенттік аппараттың баспасөз орталығының хабарына қарағанда,  сапар барысындағы кездесулерде Өзбекстанмен қарым-қатынастардың дамуы үшін басылатын қадамдар қолға алынады және өңірлік мәселелерге байланысты көзқарас алмасылады.

Президент Ердоған Ташкент бағдарламасы аясында Өзбекстан Али мәжілісінде сөз сөйлейді,  артынан президент Мирзиеевпен бірге Түрік-Өзбек Бизнес форумына қатысады.

Ердоған 1 мамыр күні Түрік-Ислам өркениетінің байырғы қалаларының бірі, ғалым-ғұлама мекені Бұхарада кездесулер жүргізеді.

Ердоған 2-3 мамыр күндерінде Оңтүстік Кореяға барады.

Осы сапарда екі жақты қатынастармен бірге өңірлік және халықаралық тақырыптар қолға алынады.



Ұқсас жаңалықтар