Иран Еуразиялық одаққа қосылады

Медведев ЕЭО пен Иран арасында еркін сауда аймағы құрылуын көздейтін 4 жылдық келісімді бекітті.

957906
Иран Еуразиялық одаққа қосылады

Иран Еуразиялық экономика одағына қосылады.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев ЕЭО пен Иран арасында еркін сауда аймағы құрылуын көздейтін 4 жылдық келісімді бекітті.

Ресей үкіметінің интернет бетінде жарияланған келісім жобасы ЕЭО елдері мен Иран арасында белгілі өнімдерді қамтитын еркін сауда аймағы құрылуына мүмкіндік береді.

Ресей мен Иран үкіметтер арасы комиссиясының тең төрағасы Ресей Энергия министрі Александр Новактың айтуынша келісім екі жақты сауданың дамуы мен инвестиция ынтымақтастығын арттырады.

Екі ел арасында еркін сауда аймағын құру жөніндегі келіссөздер үш жыл бұрын басталып еді.

Еуразиялық экономика одағы Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Қырғызстан және Армениядан тұрады.



Ұқсас жаңалықтар