Қазақстан Ливанға әскер жібереді

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров мәлім етті.

947569
Қазақстан Ливанға әскер жібереді

Қазақстан Ливанға бейбітшілік мақсатты әскер жібереді.

Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров “Қазір біз бейбітшілік мақсатында адамдарымызды аттандыру жұмыстарын қолға алып жатырмыз. Барлық талаптарды орындадық. Енді БҰҰ-ның талаптарынан өту ғана қалды. Алдағы қыркүйек, қазан айында шамамен 120 адамнан тұратын ротаны жібереміз. Олар Ливанға аттанады деп ойлап отырмыз”, – деді ол.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген Мұхтаров елде бітімгерлік жұмыстары жөнінде заң қабылданғанын, онда әлеуметтік сауалдар, кепілдік пен қауіпсіздік жайы да жазылғанын айтты.

“Заң қабылданды, қазір тексеру жүріп жатыр, БҰҰ-мен тығыз қатынастамыз. Өзім Ливанда болғам. Жұмысымызды атқаратын қолайлы орындарды қарадым. Бұл бейбітшілікті қолдайтын бітімгерлік миссиясы”, – деді ол.



Ұқсас жаңалықтар