Түрікменстанда жалпы халықтық сайлау басталды

Мәжілістегі 125 орын үшін әртүрлі саяси партиялар мен тәуелсіз 284 үміткер жарысуда.

937037
Түрікменстанда жалпы халықтық сайлау басталды

Түрікменстанда жалпы халық сайлауы үшін сандыққа жүгінді.

Түрікменстан сайлау комитетінен жасалған мәлімдемеге қарағанда сайлау бүгін жергілікті уақытпен 07.00-де басталып, 19:00-де аяқталады.

125 орындығы бар Мәжіліс үшін әртүрлі саяси партияларға мүше және тәуелсіз 284 үміткер жарысуда.

Шетелдегі азаматтар Түрікменстанның шетелдегі дипломатиялық өкілеттіктерінде дауыс бере алады.

Түрікменстанда бүгін Мәжіліс сайлауына қоса, қала, аудан және қалалық Мәжіліс мүшелігі мен «Геңгеш» (Кеңес) деп аталған жергілікті әкімшілік сайлауы өткізіледі.

Сайлауды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы сияқты халықаралық мекемелердің бақылаушылары қадағалайды.



Ұқсас жаңалықтар