Орталық Азия басшылары Астанада бас қосты

Елдер арасындағы сауда айналымы 5 миллиард долларға жеткізіледі.

930728
Орталық Азия басшылары Астанада бас қосты

Қазақстанның бас қаласы Астанада болған Орталық Азия елдері президенттерінің ақылдасу жиынында аймақ елдері арасындағы сауда айналымының 5 миллиард долларға шығарылуы мақсаты қойылды.

Қазақстан Республикасы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев басшылығында Ақ Ордада өткен жиынға Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Тәжікстан президенті Имамали Рахманмен бірге Түрікменстанның Ұлттық мәжіліс төрайымы Акча Нурбердиева қатысты.

Президент Мирзиеевтің бастамасымен ұйымдастырылған жиналыстың күн тәртібінде Орталық Азия елдері арасындағы сауда, экономика,  қатынас,  логистика және басқа да салалардағы ынтымақтастыққа арқау болатын тақырыптар қолға алынды.

Жиын соңында ортақ декларация қабылданып,  Назарбаев «Орталық Азия елдері арасындағы 2 миллиард долларлық сауда айналымын 5 миллиард долларға шығаруға келістік» деді.

Нұрсұлтан Назарбаев келесі жиынның 2019 жылдың наурыз айында Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте өткізілуіне шешім берілгенін де білдірді.



Ұқсас жаңалықтар