Өзбекстан мен Тәжікстан арасында шекара қақпалары ашылды

9 шекара қақпасы он жылдан кейін қайта ашылды.

921430
Өзбекстан мен Тәжікстан арасында шекара қақпалары ашылды

Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы 9 шекара қақпасы он жылдан кейін қайта ашылды.

Екі ел арасындағы Жартепа, Кушкент, Учтурган, Хавастабад, Бекабад,  Пап, Рават, Гүлбахар шекара қақпалары мен Амузанг теміржолы қақпасы ашылды.

Ашылу салтанатына екі елден көптеген азамат қатысты.

Амузанг теміржолынан алғашқы пойыз рейсі 7 наурызда басталады.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында шекаралардың ашылуының «екі ел халықтары арасындағы бауырластық қатынастардың дамуына және Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы жақын көршілік пен өзара мүддеге сай қатынастардың нығаюына қызмет ететіні» атап көрсетілді.

Өткен жылы екі ел арасында 25 жыл үзілістен кейін ұшақ рейстері де басталған болатын.

Екі ел арасында ашық тұрған шекара қақпасы 25-ке жетті.

Тәжікстан салуды жоспарлаған гидроэлектр стансаға Өзбекстанның қарсы шығуымен екі ел арасында келіспеушілік болып,  2005-2008 жылдар арасында кейбір шекара қақпалары жабылған еді.



Ұқсас жаңалықтар