Премьер-министрден Ходжалы хабарламасы

Йылдырым Ходжалы қырғынын айыптайтындарын білдірді.

918083
Премьер-министрден Ходжалы хабарламасы

Премьер-министр Бинали Йылдырым Әзірбайжан жерінің шамамен 20 пайызының ширек ғасырдан көп уақыттан бері жалғасып жатқан басқыншылығын айыптайтындарын білдірді.

ТР премьер-министр Ходжалы қырғының 26 жылдығына орай хабарлама жариялады.  Йылдырым 1992 жылдың 26 ақпан күні Армения жасақтары тарапынан Әзірбайжанның Таулы Қарабах аймағындағы Ходжалы ауданына жасалған шабуыл нәтижесінде барлығы 613 Әзірбайжан азаматының (олардың 106-сы әйел, 63-і бала, 70-і қариялар) аяусыз өлтірілгенін, 1275 адамның тұтқындалғанын еске салды.

26 жыл өтсе де,  150 кісінің тағдырының белгісіз екенін,  оқиғаның жауаптыларының әлі күнге сот алдына шықпағанын білдірген премьер-министр: «Армения Республикасының шабуылы мен Әзірбайжан жерін басып алуы себебімен бір миллионнан астам Әзірбайжандық бауырымыз босқын тұрмысын жалғастыруда. Түркия Республикасы ретінде Әзірбайжандық бауырларымыздың Ходжалыда ұшыраған қайғысы мен Әзірбайжан территориясының 20 пайызының ширек ғасырдан астам уақыттан бері жалғасып келе жатқан басқыншылығын қатаң түрде айыптаймыз.  Аталмыш шабуылдың жауаптыларының сот алдына шығарылуын,  әділеттің орындалуын маңызды деп есептейміз.  Әзірбайжандық бауырларымызға Алладан рақым,  құрбандардың жақындарына сабыр тілейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар