Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы жарияланды

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша 32 әріптен тұратын әліпбидің жаңа нұсқасы жарияланды.

914209
Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы жарияланды

Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазан айында жарияланған қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру жөніндегі жарлығына өзгеріс енгізді.  

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша 32 әріптен тұратын әліпбидің жаңа нұсқасы жарияланды.

Қазан айында бекітілген апостроф қолданылған латын графикасы қоғамда таласқа себеп болып, мамандар әліпбидің өзгеруі мүмкін екенін алға тартқан болатын.

Президент Назарбаев сәуір айында Қазақстанның 2025 жылға дейін латын әліпбиіне толығымен өтуі керектігін айтып, қазан айында да жаңа қазақ әліпби нұсқасын бекіткен еді.

Қазақстан 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын әріптерін қолданып,  кейіннен кирилл әріптеріне ауыстырылған еді.



Ұқсас жаңалықтар