СКТР-да сайлаудың ресми қорытындысы жарияланды

Сайлауда Ұлттық бірлік партиясы дауыстың 35,57 пайызын алып бірінші болды

885027
СКТР-да сайлаудың ресми қорытындысы жарияланды

Сайлауда Ұлттық бірлік партиясы дауыстың 35,57 пайызын алып бірінші болды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Жоғарғы сайлау кеңесі жексенбі күні өткен жалпы халықтық сайлаудың ресми қорытындысын жариялады.

Осы қорытынды бойынша премьер-министр Хүсейін Өзгүргүннің лидерлігіндегі Ұлттық бірлік партиясы дауыстың 35,57 пайызын алып бірінші болды. Ал Республикашыл түрік партиясы мен Демократия партиясының болса қолдауы азайды.

Жоғарғы сайлау кеңесі төрағасы Нарин Ферди Шефик астана Никосияда баспасөз жиналыс өткізіп сайлау қорытындысын жариялады.

Сайлаудың бірінші партиясы Ұлттық бірлік партиясының 21,  Республикашыл түрік партиясының 12, Халықтың партиясының 9,  Демократия партиясының 3, Әлеуметтік демократия партиясының 3,  Қайтадан тірілу партиясының 2 депутат шығарғанын білдірген Шефик аралас дауыстың 11 пайыз және күшіне ие емес дауыстардың да  11,7 пайыз болғанын мәлімдеді. 



Ұқсас жаңалықтар