СКТР-да жалпы халықтық сайлау аяқталды

Ұлттық бірлік партиясы 36 пайыздан көп дауыс алып бірінші болды.

883475
СКТР-да жалпы халықтық сайлау аяқталды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы халқы (СКТР)  Республика Мәжілісінің 50 жаңа мүшесін сайлау үшін сандыққа барды. Сайлаудың нәтижесінде премьер-министр Хүсейін Өзгүргүн лидерлігіндегі Ұлттық бірлік партиясы 36 пайыздан көп дауыс алып бірінші болды.

Бұл қорытынды Солтүстік Кипр Түрік Республикасында жаңа бір коалиция үкіметінің құрылуы мағынасын білдіруде.

Бейресми қорытындыға қарағанда Ұлттық бірлік партиясы 36,5 пайыздық дауыспен бірінші орынды иеледі.

20,8 пайыз дауыс алған Республикашыл түрік партиясы екінші, 16,74 пайыз дауыс алған Халықтың партиясы үшінші, 8,06 пайыз дауыс алған Демократия партиясы төртінші, 7,99 пайыз дауыс алған Әлеуметтік демократия партиясы бесінші және 7,45 пайыз дауыс алған Қайтадан тірілу партиясы болса алтыншы орынды иеледі.

Алғашқы нәтижелердің жариялануынан кейін Ұлттық бірлік партиясы орталығына жиналған партиялықтар би билеп, ұран салды.

Астана Никосиядағы Ұлттық бірлік партиясы орталығына барған премьер-министр Хүсейін Өзгүргүн сайлау нәтижелерін түсіндірді. Өзгүргүн «Халық Ұлттық бірлік партиясына үлкен бір міндет және жауапкершілік беруде. Бұл міндетті табысты түрде орындаймыз» деді.

«Алдымызда маңызды міндеттер бар» деген премьер-министр «Партиямызға қолдау көрсеткеніне орай Кипр түрік халқына алғыс айтамын. Біз кампания кезеңінде айтқанымыздай біздің мақсатымыз халқымызға қызмет ету» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар