ТИКА Қырғызстанда балаларға жәрдем беруде

Роза Садырова «ТИКА бізге қажеті жәрдем берді. Бұл біз үшін үлкен көмек» деді.

875667
ТИКА Қырғызстанда балаларға жәрдем беруде

Роза Садырова «ТИКА бізге қажеті жәрдем берді. Бұл біз үшін үлкен көмек» деді.

Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА Қырғызстанда бір жетімханаға ойыншық, ойын паркы, тағам жабдықтары,  үй жиһаздары мен бұйымдары жөнінде қолдау көрсетті.

ТИКА тарапынан жасалған жазбаша мәлімдемесінде Қырғызстанның Ош қаласында Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігіне қарасты орталығында 0-4 жастары арасындағы бағуға мұқтаж балаларға қызмет берілгені білдірілді.

ТИКА Бішкек бағдарламасы координаторы Али Мутлу мен бірге жұмыс істейтін ТИКА қызметкерлері жетімхананың талабына сай ойыншық, ойын паркы, тағам жабдықтары, үй жиһаздар мен бұйымдарды жауапты басшыларға тапсырып берді.

Орталықтың төрайымы Роза Садырова «ТИКА бізге қажеті жәрдем берді. Бұл біз үшін үлкен көмек. Осы жабдықтар мен бұйымдарға мұқтаж едік. ТИКА-дан Алла разы болсын, рақмет айтамыз» деді. 



Ұқсас жаңалықтар