Сирия түрікмендерінің өзіндік талаптары бар

Сириядағы түрікмендер өздеріне «құрушы халық» мәртебесі берілуін сұрайды.

856454
Сирия түрікмендерінің өзіндік талаптары бар

Сириядағы түрікмендер өздеріне «құрушы халық» мәртебесі берілуін сұрайды.

Анкарада мәлімдеме жасаған Сирия Түрікмен мәжілісі төрағасы Емин Бозоғлан Иракта жасалған қатені Сирияда қайталамау керектігін айтты.

Түрікмендердің Сириядағы болмысын атазаңды түрде қорғау керектігін білдірген Бозоғлан түрікмендердің Сирияны құраған қоғам қатарында екінші орында тұрғанына назар аударды.

«Сирияның территория тұтастығының сақталуы принцибі аясында түрікмендердің Сириядағы болмысын атазаңды түрде танып, қорғайтын және барлық құқықтарын кепілдікке алатын бір құқықтық мәртебе берілуін қамдау қажет» деді ол.

Бозоғлан: «Сирия Түрікмен мәжілісі ретінде Сирияда барлық жікшілдікке және бөлшектеуді қолдайтын биліктерге қарсымыз. Этникалық және діни топтарға федералдық және автономдық мәртебе берудің Иракта қоғамдық құрылымды қаншама бұзғанын, ДАИШ-ті ортаға шығарғанын және саяси тұрақсыздыққа жол ашқанын көрдік. Ирактағы қатені Сирияда қайталамау керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар