Қасейіновтың достары Анкарада бас қосты

«Достарым-байлығым» атты фестивальдің Анкарадағы концерті жоғары деңгейде өтті.

855542
Қасейіновтың достары Анкарада бас қосты

Түріксой бас хатшысы, көрнекті мәдениет қайраткері Дүйсен Қасейіновтың 70 жылдық мерейтойы аясында «Достарым-байлығым» атты фестивальдің Анкарадағы концерті жоғары деңгейде өтті.

Анкарада Президенттік симфония оркестрінің концерттік залында өткен концертке Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан, Башқұрстан, Татарстан және Ресей Федерациясынан көптеген танымал өнер қайраткерлері қатысты.

Қазақстанның Қарағанды Симфониялық оркестрінің сүйемелдеуінде әлем классикаларымен қоса түрік әлемінің керемет туындылары орындалған Анкарадағы мерекелік концертті ТР Президентінің бас ақылшысы Ялчын Топчу, Әзірбайжанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Хазар Ибрахим, Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түрікменстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Ишанқұлы Аманлиев, Ресейдің Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Алексей Ерхов және Ресейдің марқұм елшісі Андрей Карловтың жұбайы Марина Карлова тамашалады.

 Мерекелік концертті Дүйсен Қасейіновтың өзі жүргізді. «70 жасымды Түркияда тойлауды бұйырған екен.  Түркияда жүрген кезімде түрік азаматтардың ықыласы мен шынайы жақындығын жүректен сезіндім.  Достықтарға жаңа достықтар қосқанымен қуаныштымын. Өмірімізде кездескен әрбір адам біз үшін байлық екенін көріп білдім.  Міне,  сондықтан осы концерттерді «Достарым – байлығым» деп атадым. Осы концертті сіз -Түріксой достарына сыйға тарту – мен үшін бақыт» деді ол.

Анкарада өткен концерттің ең басты ерекшелігі түрік әлемінен келген өнерпаздардың басқа бір түрік елінің туындыларын сол тілде орындап, шырқаулары болатын.

Анкаралық өнер сүйер қауымның есінен көпке дейін кетпейтін «Достарым-байлығым» концерті Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтың әлемге Франк Синатра танытқан «Менің жолым» атты туындыны орындауымен аяқталды.

Концерттің соңғы бөлімінде Қазақстан елшісі Абзал Сапарбекұлы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Дүйсен Қасейіновқа «Төтенше және толық өкілетті елші – 1. Сынып» атағының берілгенін хабарлады. Өкілетті елші «Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің дипломатияда 25 жыл» медалін де тапсырды.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы Проф. Муса Йылдыз болса Қасейіновқа Қожа Ахмет Ясауи Университеті 25 жылдық Құрметті орденін табыс етті.

 



Ұқсас жаңалықтар