Әзірет Сұлтан мешітінің ұлттық нақыштары туристтерді қызықтыруда

Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің ұлттық нақыш, ою-өрнектері шетелдік туристтерді қызықтыруда.

855163
Әзірет Сұлтан мешітінің ұлттық нақыштары туристтерді қызықтыруда

Орталық Азияның екінші үлкен мешіті Әзірет Сұлтан мешітінің іші ұлттық нақыш, ою-өрнектермен безендірілген.

Құрылыс жұмыстары 2012 жылы аяқталып, іске қосылған мешіт Астананың тендесі жоқ және керемет ғимараттары арасында орын алады. Мешіт 11 гектарлық бір алаңға ие. Шамамен 10 мың адамның ғибадат жасауына жағдай жасайтын мешіттің мұнаралы және дәстүрлі хан сарайы тәрізді.

Орталық Азияда Түрікменстандағы Түрікменбашы Рухани мешітінен кейінгі екінші үлкен мешіт болған Әзірет Сұлтан мешітін аралау үшін Қытайдан, Ираннан, Еуропаның әртүрлі елдерінен көптеген турист келеді.

Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Әзірет Сұлтан" деп атаған мешіттің Күмбез саны – 10, олардың диаметрлері – 10,45 метр. Төрт мұнараның әрқайсысының биіктігі – 77 метр. Мешітте 26 тірек бар. Мешіт аумағында 745 көлікке арналған ашық автотұрақ орын алады.



Ұқсас жаңалықтар