Түркітілдес елдер мен ағайын қауымдастықтар Ұлттық кітапханалары одағы құрылды

Одақ жұмыстарын түрік, орыс және ағылшын тілдерінде атқарады.

841302
Түркітілдес елдер мен ағайын қауымдастықтар Ұлттық кітапханалары одағы құрылды

Халықаралық Түрік мәдениетінің ұйымы Түріксойдың да үлесімен Анталияда 30 қазан-2 қараша күндері арасында болып өткен Түркітілдес елдер және ағайын қауымдастықтар ұлттық кітапхана басшылары жиналысында Түркітілдес елдер мен ағайын қауымдастықтар ұлттық кітапханалары одағы құрылды.

Жиналыста Түріксой бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ сөз сөйлеп, Ұлттық кітапханалар одағының құрылуының түрік әлемі үшін өте маңызды екенін атты. Пурташ сонымен бірге түрік әлемі жазбаша мұрасының құнды бөлшегі «Диваны Лүгат-ит Түрік» пен «Пири Реис картасының» 31 қазан күні ЮНЕСКО Әлемдік жад тізіміне енгенін сүйіншіледі.

Жиналыста Ұлттық кітапханалар одағының мәртебесіне байланысты жоба мәтін ұлттық кітапхана басшылары және өкілдеріне ұсынылды.  Әзірбайжан,  Башқұртстан, Гагауызелі, Қазақстан, СКТР, Қырғызстан,  Өзбекстан, Татарстан және Түркия құрушы елдер,  Босния және Герцоговина, Саха, Македония,  Косово, Моңғолстан Ұлттық кітапханалары бақылаушы ел ретінде қатысқан жиналыста кітапханалар мәртебесіне байланысты жоба мәтін ауызбіршілікпен қабылданды.  Осылайшы Түркітілдес елдер мен ағайын қауымдастықтар Ұлттық кітапханалар одағы құрылды. TÜRKÜBİR деп аталатын одақтың ресми тілі түрік тілі болады және орталығы Анкарада орналасады.  Одақ жұмыстарын түрік, орыс және ағылшын тілдерінде атқарады.



Ұқсас жаңалықтар