Түркия мен Өзбекстан арасында медицина саласында ынтымақтастық

Түркия Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында медицина саласында келісімге қол қойылды.

834518
Түркия мен Өзбекстан арасында медицина саласында ынтымақтастық

Екі ел арасында қол қойылған келісім медицина және медицина туризмі саласында ынтымақтастықтың жетілдірілуін мақсат етеді.

Денсаулықты сақтау министрлігінің жазбаша хабарламасына қарағанда,  Түркия мен Өзбекстан арасында медицина және медицина туризмі саласында ынтымақтастықты жетілдіру мақсат етілген келісім мәтніне Түркия атынан Денсаулық сақтау министрі Ахмет Демиржан, Өзбекстан атынан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов қол қойды.

Келісім шеңберінде тараптар «Жұқпалы емес аурулармен күрес және денсаулықты сақтау, салауатты тұрмыс салтын насихаттау, жедел жәрдем қызметтері, төтенше жағдайды басқару, гемотология және орган трансплантациясы, дәрі-дәрмек және медициналық жиһаздар, медицина жүйесінің дамытылуы, медицина туризмін жетілдіру» тақырыптарында ынтымақтасатын болады.

Қол қойылған сәттен бастап күшіне еншен келісім 5 жылға жарамды.



Ұқсас жаңалықтар