Өзбекстан аракандық мұсылмандарға гуманитарлық көмек жолдады

Гуманитарлық көмекті Даккадағы өкілетті елші Бангладеш Қызыл жарты ай қоғамына тапсырды.

809775
Өзбекстан аракандық мұсылмандарға гуманитарлық көмек жолдады

Өзбекстан Мьянмадан Бангладешті паналаған аракандық мұсылмандар үшін төсек,  дәрі және азық-түлік материалдарынан тұратын гуманитарлық көмек жолдады.

Өзбекстан үкіметі 50 мың тқсек, киім, 14 түрлі азық-түлік және дәрі-дәрмектен тұратын көмек материалының Бангладешке жеткізілгенін білдірді.

Гуманитарлық көмекті Өзбекстанның Даккадағы өкілетті елшісі Фарход Арзиев аракандық мұсылмандарға тарату үшін Бангладеш Қызыл жарты ай қоғамына тапсырды.

Гуманитарлық көмекті қабылдап алған Бангладеш Қызыл жарты ай қоғамы төрағасы Хафыз Ахмед Мазлумдар алғыс айтып, көмек материалдарының тез арада аракандық мұсылмандарға жеткізілетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар