Кипр қозғалысына 43 жыл

Премьер-министр Кипр әскери қозғалысының 43 жылдығында Бейбітшілік және еркіндік мерекесіне орай іс-шараға қатысты.

774369
Кипр қозғалысына 43 жыл

Премьер-министр Бинали Йылдырым Кипрде понти тарапының қадамдарының шешімсіздікті ынтыландыратын ерекшелікте екенін айтты.

Бинали Йылдырым Кипр әскери қозғалысының 43 жылдығында Бейбітшілік және еркіндік мерекесіне орай Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы іс-шараға қатысты.

Іс-шаралар СКТР президенті Мұстафа Акынджы және премьер-министр Бинали Йылдырымның Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтарын қоюымен басталды.

Йылдырым осында сөйлеген сөзінде аралда әділ,  түбегейлі және ауқымды шешім үшін кепілгер ел Түркияның өз жауапкершілігін орындағанын, алайда понти тарапының бұлай қозғалмағанын айтты.

«Түркия Шығыс Жерорта теңізіндегі энергия көздерінің ынтымақтастық үшін мүмкіндік екенін біледі,  бірақ понти тарапының бір жақты орынсыз және қауіпті қадамдары шешімсіздікке итермелейді» деді ол.

Мерекелік іс-шараға СКТР премьер-министрі Хүсейін Өзгүргүн,  ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу және Президенттік аппарат бас хатшысы Фахри Касырга қатысты.



Ұқсас жаңалықтар