Мұстафа Акынджы баспасөз жиналысы өткізді

СКТР елбасы Мұстафа Акынджы Кипр конференциясымен байланысты бүгін шешім қабылданатынын білдірді.

765642
Мұстафа Акынджы баспасөз жиналысы өткізді

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) елбасы Мұстафа Акынджы Швейцарияның Кранс-Монтана қаласында жалғасқан Кипр конференциясымен байланысты бүгін шешім күні болатынын білдірді.

Кеше кешкі уақытта аяқталған жиналыстың артынан түрік және понтилік журналисттерге мәлімдеме жасаған Акынджы конференцияда екі жақты келіссөздерге қоса, кепілдік берген елдердің қатысуымен бестік жиналыстардың жалғасатынын түсіндіріп, «Сондықтан соңғы күннің өте тығыз және табысты өтуін тілейміз. Барлық аралда өмір сүргендер үшін табысқа жетуді тілейміз» деді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештің конференцияға қайта қосылуын бағалаған Акынджы «Кипр үшін шешім күні болуға тиісті» деп, Гутеррештің де қатысуымен келісімге келуді үміт еткендерін атап көрсетті.

Понти тарапының конференция жайлы баспасөзге құжат таратуына наразылық көрсеткен Акынджы «Кипр конференциясы 8 күннен бері жалғасуда. Құпия ережелі құжатты баспасөзге түрік тарапы жасырын таратқан емес, бірақ жаңа ғана жиналыста оқыған (понти) ұсыныстарының өзіміз көрмей тұрып баспасөзде жариялануы ойландырады. Бұл қылықтар жасалмауға тиісті» деді.

Эйде конференциядағы әңгімелер мен ұсынылған құжаттар жайлы пайым жасамау шешімі қабылданғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар