Орталық Азияда терроризммен күрес

Жиналысқа БҰҰ Бас хатшысы басшылық жасады.

752543
Орталық Азияда терроризммен күрес

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гетерреш Орталық Азия сапарының соңғы аялдамасы Ашғабадтағы ресми кездесулерінен кейін «Жаһандық терроризммен күрес» атты БҰҰ-Орталық Азия Диалогы жоғары деңгейдегі жиналысына басшылық жасады.

Түрікменстан және Өзбекстан Сыртқы істер министрлері қатысқан жиналыста Тәжікстан Ішкі істер министрі, Қазақстан мен Қырғызстан Сыртқы істер министр орынбасарлары орын алды.

Орталық Азия елдерінің Түрікменстандағы өкілетті елшілері мен Ауғанстан өкілетті елшісі де қатысқан жиналыста БҰҰ Жаһандық терроризммен күрес стратегиясы аясында «Орталық Азия аймағы ортақ іс-әрекет жоспары» талқыланды.

Жиналыста аймақ елдеріне әсер еткен түрлі террористтік қауіптер мен ықпалдары талқыланды. Соңында Орталық Азияда терроризммен күресте ынтымақтастықты жалғастыруға байланысты ортақ декларация қабылданды.

Декларацияда «Ешбір ел терроризмді жалғыз өзі жеңе алмайды» деп айтылды және аймақ елдері арасында терроризммен күресте ынтымақтастықтың жалғасатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар