Түркия түлектері ауызашарда бас қосты

Түркияда білім алған жастар құрған «Егемендік» Түркия түлектері ұйымы Бішкекте ауызашар берді.

748551
Түркия түлектері ауызашарда бас қосты
Kirgizistan_İftar_mezunlar
Kirgizistan_İftar_mezunlar

Қырғыз Республикасында Түркия түлектері ауызашарда бас қосты.

Түркияда білім алған жастар құрған «Егемендік» Түркия түлектері ұйымы Бішкекте ауызашар берді.

Қырғыз Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін Түркияға келіп, әрі өз мүмкіндіктерімен, әрі Түркияның қолдауымен білім алған қырғыз азаматтары ауызашарда бас қосты. «Егемендік» Түркия түлектері ұйымының ауызашарына Түркияның Қырғыз Республикасындағы өкілетті елшілік уақытшы кеңесшісі Мұхаммед Четинкая, елшіліктің білім беру және дін кеңесшілері,  ТИКА Бішкек бағдарламасы қызметкерлері,  ғалымдар және түлектердің отбасылары қатысты.

Ұйым басшысы Еркінбек Жороев осында сөйлеген сөзінде «Алла Тағала оразаңызды қабыл етсін. Ораза айында біз де сағынған достарымызды көріп, қуанып қаламыз» деді.

Жороев  31 мамыр күні Түркияның Шырнак қаласында болған тікұшақ апатында шейіт болған полковник Гөкхан Пекер және 12 шейітке Алладан рақым тіледі. Бұрын Түркияның Қырғыз Республикасындағы елшілігінде қызмет еткен Пекер туралы «Жігітімізден айрылып қалдық. Оны өте жақсы танитын едік. Бішкекте кездесіп тұрушы едік. Ақылды,  зиялды, сауатты адам болатын.  Қырғыз еліне үлесі де молынан болды» деді.

Назира Кубанычбек: «Түркияда жүріп жаңа достарымыз болды.  Біз де жыл сайын рамазан айында және басқа да мекерелерде бас қосып,  тұрамыз.  Кездескен сайын бұрынғы достарды көріп, қуанып қаламыз»



Ұқсас жаңалықтар