Поэзия фестиваліне қатысты

Қазақстандық кітапханашы 6-шы Халықаралық «Поэзия және әдебиет фестиваліне қатысты.

745921
Поэзия фестиваліне қатысты

Жуырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңесінің қолдау көрсетуімен Шымкент медицина институтының кітапханашысы Тукенова Роза Сәтқызы 6-шы Халықаралық «Поэзия және әдебиет фестиваліне қатысты.

Бафра музыка ассоциациясы мен Әдебиет және поэзия клубының ұйымдастыруымен өткен Нейзен Тефик Колайлы атындағы 6-шы Халықаралық «Поэзия және әдебиет фестивалі» Түркияның Самсун және Бафра қалаларында өтті.

Фестиваль аясында қатысушылар Бафра филармониясының басшысы  Намык Анарат мырзамен, әдебиет және поэзия клубының басшысы  Фатма Есен ханыммен және басқа да қызметкерлерімен танысты. Сондай-ақ Бафра губернаторы  Али Фуат Түркел мырзаның және Бафра муниципалитет басқармасының басшысы  Зейхни Шахин мырзаның қабылдауларында болды.

Фестиваль барысында азаттықты жырлаған, дауылпаз Нейзен Тефик ақынның туған жері Колай елді мекенінде шетелдерден келген қонақтар  жұртшылықпен кездесіп, Бафраның мектеп оқушыларымен, филармония тыңдармандарымен кездесу кештері ұйымдастырылды. Сонымен бірге  Самсун, Бафра аймағының ақын-жазушылар клубы мүшелерімен бірлескен сұхбат өткізілді.

Кітапханашы Р.С. Тукенова осы  іс-шараларға қатысып, қазақ поэзия майталмандары ұлы ақын Абай Құнанбайұлы, Мағжан Жұмабайдың өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

Мәлімет Университеттің парақшасынан алынды.



Ұқсас жаңалықтар