Ортақ жаттығу басталды

«Кавказ бүркіті» арнайы жасақ жаттығуы Түркия, Әзірбайжан және Грузияның қатысуымен басталды.

746547
Ортақ жаттығу басталды

«Кавказ бүркіті» арнайы жасақ жаттығуы Түркия, Әзірбайжан және Грузияның қатысуымен басталды.

Грузия Қорғаныс министрлігі үштік жаттығудың Тбилиси маңындағы Вазиани әскери базасында басталғанын хабарлады.

Әскери жаттығу барысында үш елдің арнайы жасақтары мәлімет пен тәжірибе бөліседі.

Жаттығу барысында тіке міндет операциясы,  арнайы барлау операциясы,  тікұшақ дайындығы, елді мекендерде шайқас дайындығы, мергендік дайындығы тақырыптарында оқулар болады.

Баспасөзге жабық жаттығу 14 маусым күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар