Түрікмен басшысы Астанада болды

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Түрікменстан Республикасы президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен кездесті.

716000
Түрікмен басшысы Астанада болды

Қазақстан Республикасы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Түрікменстан Республикасы президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммевпен кездесті.

Ресми сапармен Астанаға келген Түрікменстан президенті Бердімұхаммедовты Назарбаев Ақордада қарсы алды.

Екі басшы оңаша кездескеннен кейін,  делегация аралық кездесуге басшылық жасады.

Артынан болған баспасөз мәслихатында Назарбаев соңғы 25 жылда екі ел арасында өзара түсіністік болғанын айтып, «Елдеріміз арасында ешқашан шешілмей қалған проблема болмады.  Қатынастар орнағаннан бері осылай.  Халықаралық деңгейде Түрікменстанның инициативаларын қолдап келеміз,  сыртқы саясатта ынтымақтасып отырамыз» деді.

Назарбаев Түрікменстанның Қазақстанның осы аймақтағы маңызды серігі және одақтасы екеніне назар аударды.  «Бұрынғы дәуірлерден бері бізді ортақ тарихи тамыр, тіл және дініміз бірлестіріп келеді.  Транзит және қатынас,  энергия және басқа салалардағы ынтымақтастық дамып келеді» деді ол.

Кездесулер аясында Қазақстан мен Түрікменстан арасында стратегиялық ортақтық келісімге қол қойылғаннан кейін қарым-қатынастардың жаңа даму деңгейіне келетінін білдірген Назарбаев: «Біз елдеріміз арасындағы барлық шекара мәселелерін шешеміз және осы екі ел шекара проблемасы жоқ жалғыз елдер болады» деді.

Қазақ басшы екі ел арасындағы достық қатынастар арқасында Қазақстан арқылы Түрікменстан-Иран теміржолы жобасы сынды ортақ жобалардың жүзеге асырылғанын еске салып, «Қазір Жібек жолын талқылап жатырмыз.  Сонымен бірге 15 мамырда Пекинде «Бір белдеу Бір жол» форумында талқыланады.  Осы маңызды маршрут қолға алынады.  Біздің мақсатымыз осы жобаны мазмұнды қылу» деді.

Түрікменстан Республикасы президенті Бердімұхаммедов та Қазақстанмен халықаралық аренадағы перспективаларының бірдей екенін айтып, «Бұлар тек аймақтағы ғана емес,  бүкіл әлемдегі бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік тақырыптары.  Мысалы біз БҰҰ, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдармен «ашық қақпа» саясатын жүргізіп отырмыз» деді.

Кездесулерден кейін екі ел арасында стратегиялық серіктестік,  мемлекеттік шекаралардың анықталуы,  екі ел үкімет комиссиялары арасында ынтымақтастық,  жасырын мәліметтердің өзара сақталуына байланысты келісімдерге қоса Астана мен Ашғабат қалаларының арасында бауырластық құру,  Қазақстан Ұлттық Кәсіпкерлер және іскерлер одағы мен Түрікменстан Сауда және өнеркәсіп палаталары арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

 



Ұқсас жаңалықтар