СКТР елбасы Акынджы БҰҰ арнайы өкілін қабылдады

Кипр мәселесіне тұрақты шешім іздеу үшін жүргізілген келіссөздер екі айлық үзілістің артынан қайтадан басталады.

710058
СКТР елбасы Акынджы БҰҰ арнайы өкілін қабылдады

Басшылар саммиті алдында Солтүстік Кипр Түрік Республикасы елбасы Мұстафа Акынджы БҰҰ Бас хатшысының Кипр арнайы өкілі Эспен Барт Эйдені қабылдады.

Бір сағаттан асқан кездесудің артынан Эспен Барт Эйде журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Сегіз апталық бір үзілістің артынан келіссөздердің қайта басталатынын атап айтқан Эйде екі басшының да ортақ көзқарасқа келу үшін үмітті екенін атап көрсетті.

Эйде барлық тақырыптар қолға алынып, келісімсіз қалған тақырыптар арасында бір көпір құруға тырысатындарына назар аударды.

«Көптеген уақыт пен сенім жоғалттық» деген Эйде жоғалған уақыт пен екі жақты сенімді қайтадан қалпына келтіру үшін де басшыларға жауапкершілік түскенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар