Президент Мирзиеев Лебедевті қабылдады

Өзбекстан президенті ТМД Атқару комитеті төрағасы Сергей Лебедевті қабылдады.

707751
Президент Мирзиеев Лебедевті қабылдады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитеті төрағасы Сергей Лебедевті қабылдады.

Президенттік Баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда,  президент Мирзиеев Ташкентте болатын ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі жиналысына қатысу мақсатымен елге келген Лебедевпен кездесті.

Кездесуде Мирзиеев ТМД аясында өзара мүддеге сүйенетін ынтымақтастықтың кеңейтілуі және нығайтылуы мәселесіне көңіл бөлгенін айтты. Мирзиеев бүгінгі таңда ТМД-ның жан-жақты ынтымақтастық, экономиканың түрлі секторларында ортақ жоба және бағдарламалардың жүзеге асырылуы мәселелерінде пікір алмасу үшін ыңғайлы алаң екенін білдірді.

Лебедев те ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі жиналысын ұйымдастыруға байланысты Өзбекстанның белсенді роліне орай президентке алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар