Астана келіссөзінің үшінші туры басталды

БҰҰ және Ресей делегациясы арасында кездесу өткізілді.

691030
Астана келіссөзінің үшінші туры басталды

Қазақстанның бас қаласы Астанадағы Сирия келіссөздерінің үшінші туры басталды.

Түркия,  Ресей және Иранның кепілдігінде ұйымдастырылған үшінші турда алдымен БҰҰ және Ресей делегациясы арасында кездесу өткізілді.

Кездесуде Ресей делегациясына Ресей Президенттік аппаратының Сирия арнайы өкілі Александр Лаврентьев,  БҰҰ делегациясына Мислос Стругар басшылық етті.

Ресей делегациясы БҰҰ-мен кездесуден кейін Иордания делегациясымен бас қосты.  Делегация артынан Башар Джафери басшылығындағы Сирия делегациясымен кездесу өткізді.

Осы арада Түркия мен Иран делегациялары да Астанаға барып жетті.

Астана келіссөзінің бірінші туры 23-24 қаңтар,  екінші туры 15-16 ақпан күндерінде өткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар