Астанадағы Сирия келіссөзі

Тараптар техникалық деңгейдегі келіссөздерді Анкарада жалғастырады.

674350
Астанадағы Сирия келіссөзі

Қазақстанның бас қаласы Астанада үшінші рет өткен Сирия тақырыпты жиналыста Түркия, Ресей мен Иран атысты тоқтату бітімінің бақылануы үшін ортақ комиссия қалыптастыруға шешім қабылдады.

Тараптар техникалық деңгейдегі келіссөздерді Анкарада жалғастырады.

Ресей Федерациясы президенті Владимир Путиннің Сирия арнайы өкілі Александр Лаврентьев баспасөз мәслихатын ұйымдастырып,  ортақ комиссия шешімінің маңызына тоқталды. «Осы ортақ топ әсіресе атысты тоқтату бітімін бақылайды және тексереді.  Айырықша саяси үрдіске байланысты жан-жақты жұмыс істейді» деді ол.

Әкімшілік пен оппозиция делегациясының жұмыс тобымен атазаң реформаларының басталуы тақырыбында сөйлескендерін алға тартқан Лаврентьев тараптардың әзірге үнсіз екенін,  алайда осындай келіссөздерден кейін позицияларының жақындай түсетініне сенетінін тілге тиек етті.

Оппозиция атынан мәлімдеме жасаған Мұхаммед Аллуш та келіссөздерде атысты тоқтату бітімін бұзушылықты бақылау механизмі және тұтқындардың еркін жіберілуін қолға алғандарын айтты.

Аллуш механизм бойынша жұмыстың жалғасуына келіскендерін және келіссөздің Анкарада жалғасатынын айтты.

Келіссөзге қатысқан  Башар Асад әкімшілігінің БҰҰ тұрақты өкілі Башар әл Джафери болса Астанадағы келіссөздің Швейцарияның женева қаласында өтетін келіссөз үшін маңызды қадам екенін айтып,  кездесудің табысты өткенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар