Астана келіссөзі басталды

Келіссөздердің жалпы отырысы алдында делегациялардың екіжақты кездесулері басталды.

673783
Астана келіссөзі басталды

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Сирия арнайы өкілі Стаффан де Мистура Түркия, Ресей және Иранның Сирия жерінде әскери іс-қимылды тұрақтандыру жөнінде табысқа жетуін дағдарыстың шешімі бағытында басылған үлкен қадам ретінде бағалады.

Сирияда 6 жылдан бері жалғасқан соғысты тоқтату мақсатты кепілдік беріп отырған Түркия және Ресей мемлекеттерінің ұсынысымен Қазақстанның бас қаласы Астанада жоспарланған келіссөздердің үшінші туры басталды.

Келіссөздердің жалпы отырысы алдында делегациялардың екіжақты кездесулері басталды.

Келіссөздерде Сирияда әскери іс-қимылды тоқтату режимін сақтау, соның ішінде нақты территорияларда ахуалды тұрақтандыру мәселелеріне қоса бітімді күшейтуге бағытталған қадамдар қолға алынады.

Келіссөздердің алғашқы турында үштік бақылау механизмін құруға шешім қабылданған және бітімді күшейту, босқын мәселесі мен бейбіт адамдарды қауіпсіз аймақтарға тасымалдау тақырыптарында 6 ақпан күні  тағы Астанада техникалық келіссөздер өткен еді.

Соғысатын тараптар орын алмаған 6 ақпан күнгі келіссөздерге Түркия, Ресей, Иран және Біріккен Ұлттар Ұйымы делегацияларына қоса Иордания да тұңғыш рет делегация жіберген болатын.



Ұқсас жаңалықтар