Ресей Сыртқы істер министрі Астана процесіне АҚШ-тың шақырылғаны білдірді

Сергей Лавров 15-16 ақпан күндері Қазақстанда жалғасатын Астана процесіне АҚШ-тың да шақырылғанын мәлімдеді.

671076
Ресей Сыртқы істер министрі Астана процесіне АҚШ-тың шақырылғаны білдірді

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 15-16 ақпан күндері Қазақстанның елордасында жалғасатын Астана процесіне АҚШ-тың да шақырылғанын атап көрсетті.

Орыс телеарнасы NTV-ге сұхбат берген Лавров «АҚШ, Сирия делегациясы құрылған кезде келесі келіссөздерге қатысу үшін шақырылды» деді.

Иранның Сирия бейбітшілік келіссөздеріне қосқан үлесіне де тоқталған Лавров бұл елдің ДАИШ-ке қарсы күресетін коалициядан шығарылуының прагматикалық болмайтынын атап көрсетті.

Орыс министр «Вашингтон мен Иранның қарым-қатынастары одан да нашарлаған сияқты. Бірақ Мәскеу саналы қозғалу керектігін алға тартады» деді.

АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Маттис бұрын жасаған бір мәлімдемеде Иранды «Террордың негізгі демеушісі» ретінде бағалаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар