Әзірбайжан президенті Илхам Алиев Брюссельде

Президент Алиевтің Еуроодақ сапарында энергия мен екі жақты ынтымақтастық тақырыптары қолға алынады.

666178
Әзірбайжан президенті Илхам Алиев Брюссельде

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев Брюссельде алдымен Еуроодақтың Сыртқы қатынастар және қауіпсіздік тақырыптарына жауапты жоғары өкілі Федерика Могеринимен басқосты.

Жиналыстарда Әзірбайжан мен Еуроодақ елдері арасында энергия тақырыбынан бастап, екі жақты ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері қолға алынды.

Украина дағдарысының артынан Ресейге экономикалық санкцияларды іске қосқан Еуропаның энергия қауіпсіздігі үшін альтернативті ресурстар аса маңызды болып табылады.

Түркия-Әзірбайжан ортақтығында құрылыс жұмыстары жалғасқан ТАНАП құбыр желісі арқылы Каспий ресурстары Еуропа нарығына шыға алады.

Алиев комиссия төрағасы Джан-Клод Юнкер және Кеңес төрағасы Дональд Тускпен кездесуінің артынан баспасөз жиналысы өткізеді.

Алиев Еуроодақ парламенті төрағасы Антонио Таяни және Бельгия королі Филипппен де басқосады.



Ұқсас жаңалықтар