Террористтерге операция

4 террорист өлтірілді.

663067
Террористтерге операция

Әзірбайжанда Мемлекеттік Қауіпсіздік қызметінің операциясында 4 террорист өлтірілді.  Бір террорист тірілей қолға түсті.

Мемлекеттік Қауіпсіздік қызметінің хабарламасына қарағанда шетелмен байланысы анықталған және елде лаңкестік жасауды жоспарлаған бір топқа операция жүргізілді.

Операция барысында террористтер қауіпсіздік күштеріне автоматты қару және тапаншамен оқ атты.  Қақтығыста 4 террорист өлтірілді. «Абдулхалит» лақапты террорист болса тірілей қолға түсті.

Әзірбайжан органдары операция жүргізілген жерді ашып айтпады.



Ұқсас жаңалықтар