Арал үшін 2,6 миллиард АҚШ доллары

Өзбекстанда мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылады.

662656
Арал үшін 2,6 миллиард АҚШ доллары

Өзбекстан үкіметі Арал теңізі аймағының дамуы үшін 2017-2021 жылдар арасында 2,6 миллиард доллар қаржы бөледі.

«2017-2021 жылдары арасында Арал теңізі аймағын дамыту мемлекеттік бағдарламасына» Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қол қойды.

Бағдарламаға орай Өзбекстан үкіметі Арал теңізі аймағының дамуы үшін 2,6 миллиард АҚШ доллары қаржы бөледі. Осы аяда Қаржы министрлігі құрамында Арал аймағын дамыту Қорының құрылуы көзделіп отыр.  Аталмыш қор аймақтағы тұрмыс деңгейі және сапасының арттырылуы,  өңірдің жетілуі және өңірдегі инвестиция жобалары үшін қаржы бөледі.

Өңірде 100 мыңнан астам адамға жұмыс берілуі жоспарланды.  Бағдарлама аясында айырықша аймақтағы инфрақұрылым жүйесінің модернизациясы үшін 670 миллион доллар,  шөлейттенудің алдын алу және су көздерінің тиімді қолданылуы үшін 360 миллион доллар беріледі.

1 ақпан күнінен бастап Арал теңізі өңірінде құрметті демалыстағы азаматтар,  мүгедек жандар және материалдық жағдайы төмен азаматтарға әлеуметтік көмек беріледі. Өңірдегі бала бақшаларының айлық ақысы да есе азайтылады.



Ұқсас жаңалықтар