Астана процесінде алғашқы отырыс аяқталды

Оппозицияға басшылық жасайтын Мұхаммед Аллуш Сирияда бітімнің толық қамтамасыз етілмегенін атап көрсетті.

657307
Астана процесінде алғашқы отырыс аяқталды

Сирия келіссөздері аясында Астана процесіне қатысқан оппозициялық делегацияның басшысы Мұхаммед Аллуш атысты тоқтату толық қамтамасыз етілмейінше, екінші қадамға өте алмайтындарын атап көрсетті.

«Атысты тоқтату қамтамасыз етілмейінше, екінші қадамға өтпейміз» деген Аллуш қоршау астындағы аймақтардағы гуманитарлық жағдайдың жақсартылуы және режим түрмелерінде ешқандай қақтығыстарға қосылмаса да қамауға алынған 13 мың әйелдің алғашқы сатыда еркін жіберілу керектігін білдірді.

Аллуш «Нағыз саяси шешім Асад пен қолдаушыларының елден айырылуымен мүмкін» деді.

Иран қолдау берген қарулы топтардың болмысы туралы «Иранға бағынған қарулы топтардың Шығыс Гута мен Барада алқабында жұмысы не?» деп сынға алған Аллуш «PYD-нің (террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы), Иранға бағынған топтардың ДАИШ-тен айырмашылығы жоқ. Бұл топтар да террор тізіміне алынуы керек» деді.

Сириядағы қақтығыстардың тоқтатылуы мақсатты әскери оппозиция Башар Асад режимі, Түркия, Ресей, Иран және Америка Құрама Штаттары делегациялары, Қазақстанның елордасы Астанада бүгін басқосты.

Оппозиционерлер атынан 14 адамнан тұратын әскери бір делегация өкілдік жасауда.

Түркия уақытымен сағат 11:00-де басталған жиналыстың алғашқы отырысы соңында үзіліс берілді.

Екінші отырыс тараптар арасында жанамалы түрде жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар